Сәрсенбі, 24.04.2024

Сәрсенбі, 24.04.2024
23:13

Ноутбук сатып алғанда неге мән беру керек?


comment icon

1 Comments

Ноутбук сатып аларда көп таңдаудан қайсысын таңдауды білмей басыңыз қата ма? Қайсы ноутбук жақсы, қайсысы сапалы екені туралы көп ойлайсыз ба? Арзанын не қымбатын таңдауды білмей жүрсіз бе? Демек, осы блогта айтар кеңестеріміз сіздің пайдаңызға жарайды деп ойлаймыз. Онда ноутбук сатып аларда неге көбірек мән беру керектігі туралы кеңестерімізді қабыл алыңыздар.

Қолдану аяңызды талдап көріңіз

Біз барлығымыз бірдей сападағы немесе бірдей мүмкіндікке ие ноутбук іздемейміз. Сондықтан ноутбук сатып алмастан бұрын не үшін оны сатып алуыңыз туралы бір сәт ойлап көріңіз. Презентация, жазбалар жазып, қарапайым бизнеске қажет тапсырмалар орындағыңыз келе ме?  Әлде ноутбукта  кинолар көріп, видео-ойындар ойнап, видео арқылы чатта сөйлескіңіз келе ме?

Сіз сатып алмақшы болған ноутбук шамамен қандай сомада болғанын қалайсыз? Кейін сол сомадағы ең жақсы ноутбукты алуға тырысыңыз.

Батарея

Ноутбукты жол бойы немесе үздіксіз пайдалану үшін батарея өте маңызды рөл ойнайды. Сондықтан ноутбук сатып аларда батареясы қанша уақытқа жететіне көп назар аударған дұрыс.

Өлшем және салмақ

Ауыр салмақты ноутбуктар мобильділікті бәсеңдетеді. 2011 жылы компьютер процессорларын шығаратын Intel компаниясы ультра кітап санатын  жеңіл 3 фунт (1.3 кг) салмақтағы жүйелер процессорға аз салмақ түсуі үшін шығарды.

Көпшілік 15-дюймды (38 см) ноутбуктар 5 фунт (2.3 кг) салмаққа тең ноутбук іздейді, себебі ол үй мен офис арасында көтеріп жүруге өте ыңғайлы. Ал кейбір 7-8 фунт (3,2-3,6 кг) диапазондағы ноутбуктар көтеріп жүруге ауыр және ыңғайсыз болады, сондықтан ондай ноутбуктардың тұрақты орны (үй немесе жұмыс орны) болғаны дұрыс.

Экран өлшемі

Өндірістегі ноутбуктардың 3 жалпы өлшемі бар: 13 дюймды (33 см), 15 дюймды (38 см) и 17 дюймды (43 см). Ең кіші өлшемдегілердің артықшылығы – мобильділігінде. Бірақ өлшемін кіші және жіңішке ету үшін дисковод қоймайды. Орта өлшемдегілердің көбісі үстел компьютері сияқты жақсы жұмыс жасайды, сондай-ақ экраны да үлкен, көтеріп жүруге де ыңғайлырақ. Ең үлкен өлшемдегілер экраны өте үлкен болады, салмағы 4.5 кг-ға дейін жетеді.

Процессор және графика

Процессор - компьютердегі бағдарламаларды қаншалықты жылдам әрі тиімді орындайтындығын анықтайды. Процессордың ядросы көп болған сайын қиын, ауыр бағдарламаларды компьютер жеңіл орындайды. Мысалы: екі ядроға қарағанда төрт ядролы процессорлар жақсы жұмыс жасайды.

Графикалық процессор HD видеоларды және ойындарды көрсетуге қызмет етеді.

Жад және қатты  диск

Компьютердегі мәліметтеріміз қатты дискте сақталады. Сондықтан компьютер жады көп болуын қаласаңыз, көбірек 500 ГБ, 750ГБ жадқа ие қатты дискті ноутбук алған дұрыс. Егер өте көп видео, музыка сақтамайтын болсаңыз, 250 ГБ қатты дисктің өзі жетіп артады.

Порттар

Әрбір компьютер қолданушы USB порт туралы жақсы біледі. Алайда USB стандартының жиі жаңаланып тұруы туралы көпшілік біле бермейді.  USB 3.0 ақырындап дамып келе жатыр, ол қазіргі USB-ге қарағанда 10 есе жылдамырақ жұмыс жасайды. Ақпарат жеткізу жылдамдығы секундына  400 мегабайтқа дейін жетеді.

Қауіпсіздік шаралары

Компьютерде көптеген артық ақпарат жиналып қалуы мүмкін. Бұл өз кезегінде маңызды ақпараттарға зияны тиіп кетуі мүмкін.  Сондықтан әрбір қажетті ақпарат сақталған орынды (папканы) абайлап сақтау керек. Құпия сөз (пароль) қойып қою да өте тиімді әдіс болып ессептеледі. Міндетті түрде компьютерге кіретін кезде қиын құпия сөз болғаны дұрыс. Көбінесе қолданушының саусақ іздері арқылы немесе сол адамның түрін видео арқылы көріп кіргізетін қауіпсіздік әдістері де бар.

Кепілдік

Компьютер сатып алғанда сатушы дүкеннің не компанияның беретін кепілдігі де өте маңызды екенін ұмытпаған жөн. Себебі ноутбук та темір-терсектен құралғандықтан қай кезде бұзылып қалуын ешкім білмейді. Сондықтан кепілдік беретін уақыты қанша ұзақ болса, сонша өзіңізге пайда. Бұзылған жағдайда, сатушы жақ өздері тегін жөндеп береді. 


http://zhanaoi.kz/zho/blog/view/24

Jaksi eken. Kop rahmet admin sizge!

Добавлено 02.03.2012 в 08:37



             
                  
      
                 
               
           
          




НАЗАРЫҢЫЗҒА



БІЗ ЖАСАҒАН САЙТТАР



Ұялы байланыс +7 775 350 14 86
vizteck facebooktwitter vizteck Вверх! ↑
кіру