Сейсенбі, 23.04.2024

Сейсенбі, 23.04.2024
22:49

ҚазНЕТтің кешегісі.


comment icon

4 Comments

Қазақша қарыптер Интернетте қай уақыттан бастап оқылатын болды деген сұраққа жауап іздеп, ғаламтор көмегін пайдаланып ақпарат табуға тырыстым.. Мүмкін сол кезден бастап ҚазNET-тің бастапқы нүктесін табамын ба, ал тапсам, сол сайттар KZ доменінде болды ма деген сұрақтарға жауап іздедім.
Бұл сараптамада маған үлкен көмек еткен сайт http://web.archive.org/web болды. Алғашқы KZ доменіндегі сайттың бірі сайты http://www.site.kz екенін Александр Ляхов талайдан бері айтып жүр, ол туралы мына жерденhttp://www.zonakz.net/blogs/user/ajna_ajtzhanova/12911.html оқуға болады. Шынымен де, ол туралы ақпарат , ол 1998 жылы желтоқсанда пайда болыпты.
Ал, ғаламторды бұрыннан пайдаланушы мамандар арасында Сайран Киккарин программист туралы көп естігенім бар. Сайран туралы қызығушылығым ояны, google.kz сайты арқылы мағлұмат іздедім. Алғашқы табылған ақпаратhttp://kernel.kz/archives/85 болды. Осы жерде орналасқан сілтеме мені бірден http://www.sci.kz/~sairan/Sairan_in_ru.htmlСайран туралы толық ақпарат алатын жерге апарды. http://www.sci.kz/ сайты 1996 жылда пайда болыпты, ал сол сайттың алғашқы сақталған нұсқасында http://web.archive.org/web/19981111190733/http://www.sci.kz сайт оқырмандарын 1997 ж. 7-ші шілдеден бастап санай бастаған.
Сайран Киккарин жасаған жұмыстарын қарай отырып, оны ҚазNET-тің атасы, жалпы Қаз IT негізін құрушы деуге болады. Бірақ, неге бәрі бүгін Александр Ляховты ҚазNET атасы деп атағысы келеді, ол тіпті де программист емес екен ғой, оны мына жерден http://web.archive.org/web/*/http://www.site.kz оқып білуге болады, ал таудай істі атқарған Сайран Кикарин есімі бүгін неге аталмайды?!
Қазнеттің бастапқы нүктесін анықтадым: 1996 жылы, оның негізін қалаған Сайран Киккарин!
Кейінен пайда болған бәріне әйгілі Нурсат сайты http://web.archive.org/web/20001212010700/www.samal.kz/sites_r.htmlқазақшаға да, орысшаға да басын қатырмай, бәрін ағылшын тілімен жасап отырды.
Юникод кодировкалары бұрында пайда болғанымен, Интернетте 2006 жылда ғана кең тарай бастады. Бірақ сол кезге дейін ҚазНЕТте біраз қазақ сайттары қазақ программистердің ниетімен, намысының арқасында жасалып, өздерінің белсенді орындарын алып отырды. Мысалы:
Талғат Нұрлыбаев – Программист, Сайтқа көмектесуші – Интернет трейнинг центр -http://web.archive.org/web/*/http://www.samal.kz - Apr 18, 2000
¨Болатхан Жайдары – Разработчик, Программист - http://web.archive.org/web/20010519221026/www.akolya.org  - May 19, 2001
¨Кенжебек Нұрқасен – Интернет қолданушы, Журналист -http://web.archive.org/web/20031217075503/http:/www.azattyq.org>- Dec 17, 2003 Бекжан Толыбай – Интернет қолданушы, Экономист - http://web.archive.org/web/20011019141647/http:/hanbekjan.narod.ru - Oct 19, 2001
Осы сайттарды қайта жандыру үшін Бәйгенің тарауларына арнайы номинация жасап, оларды сайысқа қатыстырайық деп шештік, және де солар бастаған істерін бізбен қосылып жалғастыратын болды.


Ізгілік Нагиев
 
 http://baige.kz/3.html
 

Құрметті атыжоқ мырза, бізге тапсырыс беру үшін ешқандайда құжаттың қажеті жоқ. Бізге тек қандай сайтқа тапсырыс беретіндігіңізді, аты жөніңіз, эл.адресіңіз және телефон номеріңізді жазсаңыз. Сол сізге хабарласып сайттың бағасын келісе жатармыз!

Добавлено 15.02.2012 в 14:58

Сіздер бір сайтты қаншаға жасайсыздар? Сіздерге тапсырыс беру үшін не істеу керек? Документтер жіберу керекпе?

Добавлено 15.02.2012 в 09:53



             
                  
      
                 
               
           
          




НАЗАРЫҢЫЗҒА



БІЗ ЖАСАҒАН САЙТТАР



Ұялы байланыс +7 775 350 14 86
vizteck facebooktwitter vizteck Вверх! ↑
кіру