Бейсенбі, 18.04.2024

Бейсенбі, 18.04.2024
12:58

Қазақша Уикипедия


comment icon

0 Comments

Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусым күнінен бастап қызмет етіп келеді.
Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кирил жазуы (Қазақстан, Ресей, Моңғолия)[1], араб жазуы (Қытай, Иран)[1] және латын жазуы (Түркия).[1] Бірнеше әліпбимен жазатын уикипедиялар қазақша Уикипедиясының тәжірибесіне жүгінуде.
Қазақша Уикипедиясында қазіргі уақытта 11 әкімші бар.
2012 жылдың ақпанның 13 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда 126 606 мақала бар. 13 646 қатысушы тіркелген, олардың 220 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 11 қатысушы әкімші дәрежесіне ие. Жалпы өңдеу саны - 884 225.
Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан 35-ші орында, алайда өңдеу жағынан әзірше 70-ші орында тұр. (31.01.12 көрсеткіш)
Ағылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.
2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. "Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 Желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.
Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір вики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің арнайы гранты (5000 АҚШ доллары) табыс етілетіндігі жарияланды. Джимми Уейлс 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстанға баратындығын хабарлады.
Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан қазақша Уикипедия түрікше Уикипедиядан кейін екінші орын алады.
2007 жыл — 1000 мақала
2008 жылдың наурыз айы — 2000 мақала
2009 жылдың наурыз айы — 3000 мақала
2010 жылдың қаңтар айы — 6000 мақала
2010 жыл Қаңтардың 17 — 7000 мақала
2011 жыл Наурыздың 10 — 8000 мақала
2011 жыл Сәуірдің 5 — 9000 мақала
2011 жыл Сәуірдің 7 — 10 000 мақала
2011 жыл Сәуірдің 8 — 15 000 мақала
2011 жыл Сәуірдің 16 — 20 000 мақала
2011 жыл Маусымның 15 - 25 000 мақала
2011 жыл Маусымның 18 - 30 000 мақала
2011 жыл Маусымның 22 - 35 000 мақала
2011 жыл Маусымның 29 - 40 000 мақала
2011 жыл Шілденің 3 - 45 000 мақала
2011 жыл Шілденің 9 - 50 000 мақала
2011 жыл Шілденің 12 - қазақша уикипедия мақала саны жағынан барлық уикипедиялардың арасынан 50 орын алды.
2011 жыл Шілденің 20 - 60 000 мақала
2011 жыл Шілденің 26 - 65 000 мақала
2011 жыл Тамыздың 14 - 70 000 мақала
2011 жыл Тамыздың 23 - 75 000 мақала
2011 жыл Қыркүйектің 25 - барлық өңдеулердің саны 500 000
2011 жыл Қазанның 11 - 80 000 мақала
2011 жыл Қазанның 22 - 90 000 мақала
2011 жыл Қазанның 26 - 100 000 мақала
2011 жыл Қарашаның 28 - 110 000 мақала
2011 жыл Желтоқсанның 16 - 120 000 мақала
2012 жыл Ақпанның 13 - 125 000 мақала



             
                  
      
                 
               
           
          




НАЗАРЫҢЫЗҒА



БІЗ ЖАСАҒАН САЙТТАР



Ұялы байланыс +7 775 350 14 86
vizteck facebooktwitter vizteck Вверх! ↑
кіру