Қош келдіңіз! Біздің мақсатымыз - Қазақстан интернетінің дамуына үлес қосу болып табылады! Ғаламторда қазақ тілді сайттардың саны саусақпен санарлық екендігі белгілі. Дегенмен, теңізге тамған тамшыдай болса да өз еңбегімізді қоспақпыз. Егер интернетті табыс көзіне айналдыруға ниет етсеңіз, өз сайтыңыз болғаны жөн. Себебі сайтыңызға интернет-дүкен, серіктес бағдарламаларды, жарнамалар сатуды ұйымдастыра аласыз.

Қазіргі уақытта интернет Қазақстанның бүкіл ауылдарына түгел дерлік жеткізілді десек те болады және енді интернет ресурсын пайдалану мүмкіндігі ауылдық жерлерге де жетті. Ал, ауылдағы білім ордаларындағы және де басқа да интернет ресурсын пайдаланушылардың көбісі және Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екендігін ескерсек, онда қазақ тілді сайттардың саны мен сапасын арттыру керек!
XXI ғасыр- ақпараттың ағыны күшейген ғасыр! Сондықтан да ағыны күшті ақпараттарды өңдеудегі ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланған жөн! Осы негізде қазіргі таңда қоғамдағы барлық мекеме, фирма, тіпті жеке тұлғаларға дейін жеке сайт иемденуде. Бұған себеп бар! Ол себеп- қазіргі уақытта адамдар өз қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру барысында қажетті ақпараттарды ең алдымен интернеттен іздеуге бет алған және бұның ауқымы кең әрі өте ыңғайлы! Жасыратыны жоқ, мектептегі оқушыдан бастап мекемедегі басшысыға дейін интернет ресурсын пайдаланатыны белгілі.

Бүгінде көптеген компаниялар сайт жасау қызметін ұсынады. Әрине, сол компаниялардың ішінен таңдау өте қиын. Біз де сол компаниялар қатарлы сайттар жасаумен айналысамыз. Біз үшін ең маңыздысы сіздердің мүддеңіз бен сіздің бизнесіңіздің интернет арқылы сәтті дамуы. Бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстарымызды мақтан етіп, клиенттер арысындағы байланысымызды қадір тұтамыз. Сіз, өз сайтыңыздың жасалуын бізге тапсыра отырып, интернет жетілдіру өрісіндегі таптырмас серіктеске ие боласыз. Сонымен қоса, біз сайттардың интернет желісіндегі таралуы, яғни олардың тиісті әсер мен табыс алып келуін қадағалаумен айналысамыз, сондықтан ұзақ мерзімді серіктестік біз үшін бағалы болып табылады.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ
Біз Joomla, Wordpress, Ucoz жүйелерін пайдалана отырып сіздерге арзан, жылдам жасалатын және басқаруы оңай сайттарды жасау және оларды қолдау-дамыту қызметтерін ұсынамыз.

1. Сайт жасау. Ақпараттық немесе визитка-сайт жасау қызметтерін ұсынамыз. Сайтыңызды өзіңіз оп-оңай басқара аласыз.

Сайтты дамыту Сайт немесе блог Google, Yandex және Bing сияқты іздеу порталдарда алдыңғы қатардан көріну үшін біраз шаруаларды атқару керек. Егер сайтыңызға келетін қонақтардың санын арттырып, сайтыңыз бен блогыңызды танымал еткіңіз келсе, көмектесеміз. Басқа қазашқа сайттарда жарнама орнатуға да мүмкіншілік бар.

3. Электронды кілт алуға көмектесу. Заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлерге фирмаға электронды кілт алуларына көмектесу және ("Госзакупки") "Мемлекеттік сатып алу"-ға қалай қатысу керектігін үйрету.

2. Астаналық клиенттер үшін техникалық және программалық қызмет көрсету. Егер компьютеріңіз бұзылатын болса, сіздің жұмыс істеуіңізге қиындықтар туылса, өз компьютеріңізді модернизациялау керек болса біз көмектесе аламыз. Сондай-ақ Windows7, Vista, Windows XP операциялық жүйелер орнату және программалық қамтамасыз ету, антивирус орнату.

Құрметті серіктес! Бірлесіп жобалар жасау туралы идеяларыныңыз болса, сонымен қатар, партнерлік жұмыстар мен қызмет көрсету секілді ұсыныстарыныңыз болса әрқашан есік ашық!
 


             
                  
      
                 
               
           
          




НАЗАРЫҢЫЗҒА



БІЗ ЖАСАҒАН САЙТТАР



Ұялы байланыс +7 775 350 14 86
vizteck facebooktwitter vizteck Вверх! ↑
кіру